ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Соғыс туралы кітап оқимыз» флешмобын іске қосады.


21 Сәуір 2021

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 76 жыл толуына орай 2021 жылғы 21 сәуірден 21 мамырға дейінгі аралықта «Соғыс туралы кітап оқимыз» флешмобын іске қосады.

Оқылған кітаптың мұқабасы көрсетілген пост немесе фотосуреттіInstagram парақшасына не болмаса жеке немесе кәсіпорын Facebook-іне #менсоғыстуралыкітапоқимын хэштегімен салуға болады.

Содан кейін эстафетаны әріптестеріңіз бен таныстарыңызға олардың профильдерін белгілеп тапсыруға болады.

Флешмоб өткізу уақыты кезінде ҚР ҰЯО 054 ғимараты фойесінде «Соғыс туралы естеліктер жүректер мен кітаптарда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады (жазушылардың сол кездегі оқиғалар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі романдары, повестері мен очерктері).

Көрмедегі кез келген кітапты үйге алып оқуға болады.

День Победы День защитника Отечества флешмоб выставка