12 сәуір 2021

Құрметті әріптестер!
Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан да табысты дамудың негізі әрі мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болып қала бермек. Елімізде ғылыми ұйымдардың тиімді жұмыс істеуі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасалған, ғалымдардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Өз кезегінде ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом энергетикасы, радиоэкология, басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамыту және басқа да бағыттар саласындағы жобалардың тұтас спектрін ойдағыдай орындай отырып, қазақстандық және әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесін мақтан етуге құқылы.
Осы мереке күні сіздерге жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілеймін!
Бас директор Эрлан Батырбеков
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026