Геолог күнімен!


02 сәуір 2021

Құрметті әріптестер!

Кәсіби мереке – геолог күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Барлықтарыңызға – геологтарға, геофизиктерге, геодезистерге, топографтарға, бұрғылаушыларға, осы кәсіби мереке иелерінің барлығына жоғары кәсіптік шеберліктеріңіз бен ерліктеріңіз, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.

Геофизикалық зерттеулер институты құрылған күннен бастап сіздерге ядролық қаруды сынауды бақылау, бұрынғы ядролық полигондардың геологиялық құрылымдарын геофизикалық зерделеу және мониторингілеу, бұрынғы ядролық полигондарда инженерлік-геологиялық және геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу және тағы басқалар бойынша маңызды мемлекеттік міндеттер жүктелді.

Сіздердің кәсіптік шеберліктеріңіз, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз алға қойылған міндеттерді шешуде үлкен жетістіктерге жетуге көмектесті, олардың нәтижелерін біз мақтан тұтамыз.

Ардагерлерімізге геологияның дамуына қосқан зор үлесі үшін ерекше алғыс айтамын.

Осы мереке күні сіздерге кәсіби табыстар, денсаулық, бақыт және амандық, сәттілік және жаңа жетістіктерге жету үшін күш-қуат тілеймін!

Бас директор                         Эрлан Батырбеков

 

профессиональный праздник