21 шілде 2020
ҚР Ұлттық ядролық орталығы тритийдің қоршаған орта объектілеріндегі әрекетін, оның өсімдіктермен және қайта таралу процестерімен, оның ішінде органикалық байланысқан тритийге жиналуын зерттеуді жалғастыруда.
Эксперименттер Семей сынақ полигонының жасанды түрде жасалған оранжерея жағдайларында, сондай-ақ тритийлік ластанудың нақты жағдайларында да әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарымен жүргізіледі.
Техногенді тритий – адам ағзасына тек тыныс алу процесінде ғана емес, сонымен қатар тамақ өнімдерімен, атап айтқанда өсімдік шаруашылығы өнімдерімен де енуге қабілетті сутегінің радиоактивті изотопы. Өкінішке орай, бүгінгі күні жалпы қабылданған әдістемелер тритийдің дозаға үлесін тритийлі су құрамында ғана есепке алады және оның органикалық зат құрамындағы қауіптілігін айтарлықтай бағаламайды. Бұл ретте тритийлі судың адам ағзасынан жартылай шығу кезеңі 10 күн, ал органикалық байланысқан тритийдікі бір жылдан асатынын атап өту қажет.
Биылғы жылдың маусым айында бұрынғы «Дегелең» сынақ алаңының аумағына кезекті эксперимент жүргізілді. Ауыл шаруашылығы дақылы –салат (Lactuca Sativa) тәжірибелік өсімдік болды. Нәтижелер бойынша тритийдің өсімдіктерге ауадан өту параметрлері туралы деректер алынады, олар бұдан әрі өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын бағалау және халық үшін дозаны есептеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024