30 сәуір 2020
Құрметті достар!
Мемлекеттік мереке – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз!
Тәуелсіз мемлекетіміз үшін халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі ішкі саясаттың негізгі қағидаттарына, біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің іргетасына айналды.
Қандай қиындықтармен бетпе-бет келсек те бірлігіміз бен татулығымыздың арқасында барлығын еңсереміз және де біздің Қазақстан одан да мықты әрі өркендеген мемлекетке айналатынына нық сенемін.
Бүгінгі мереке күні Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, береке-бірлік, өзара түсіністік, мол табыс тілеймін. Сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлде берсін!
Эрлан Батырбеков,
ҚР ҰЯО РМК бас директоры
13 тамыз 2025
04 тамыз 2025
30 шілде 2025
29 шілде 2025