Экспериментке дайындық


28 Сәуір 2020

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Жапонияның Toshiba Energy Systems & Solutions Corporation корпорациясымен бірлесіп, Marubeni Utility Services, Ltd-ның делдалдық етуімен орындайтын үш жылдық «Cormit-II» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде «Лава-Б» қондырғысында екі толық ауқымды RT-11 және RT-12 экспериментін және ВЧГ-135 қондырғысында алты аз ауқымды эксперимент өткізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта алғашқы экспериментке дайындық жүріп жатыр, оның нәтижесінде кориум балқымасының цирконий тотығынан жасалған отқа төзімді блоктармен өзара әрекеттесу процесі туралы деректер алынатын болады. Экспериментті 2020 жылдың маусым айында жүргізу жоспарланып отыр.

Мәлімет үшін. «Cormit-II» жобасы ауыр авария болған жағдайда жеңіл сулы ядролық реактордың актив аймағының балқытылған материалдарының (кориумның) ыстыққа төзімді материалдармен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен жұмысының мақсаты кориумдағы қалдық энергияның бөлінуін имитациялау жағдайында кориумның қиын балқитын әртүрлі материалдармен (цирконий диоксиді және алюминий тотығы сияқты) жанасу нәтижелеріне эксперименттік және материалтану зерттеулерінің сериясын жүргізу болып табылады. Зерттеулердің барлық практикалық бөлігі «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің аумағында орналасқан ҚР Ұлттық ядролық орталығының эксперименттік базасында жүргізіледі.

 

 

исследовательские реакторы