Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!


30 желтоксан 2019

Құрметті әріптестер! Қымбатты достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз ескі жылды шығарып салып тұрып, оның қорытындысын шығарамыз, алдағы жылға жаңа міндеттер қоямыз.

Өтіп бара жатқан 2019 жылды біз жақсы нәтижелермен аяқтағалы отырмыз.

Жаңа келісімдер мен келісімшарттарға: Францияның атом энергиясы және баламалы көздер жөніндегі комиссариатымен «САЙГА» жобасын іске асыру бойынша 7 жылдық келісімшартқа; «Н.А.Доллежаль атындағы ЭТҒЗКИ» АҚ-мен шапшаң нейтрондардағы БРЕСТ-300 жаңа тәжірибелік-демонстрациялық реакторының отынын ИГР реакторында сынауға арналған келісімшартқа; JAEA (Жапония) компаниясымен атом энергиясы мен технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулердегі ынтымақтастық бойынша жаңа атқарушы келісімге; Корея Республикасының Kinac және KAERI ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 2 келісімге қол қойылды.

2019 жыл маңызды оқиғамен – КТМ қондырғысын физикалық іске қосудың соңғы кезеңін ойдағыдай өткізумен ерекшеленді. Бұл 10 жыл ішінде әлемдік тәжірибеде пайдалануға берілген осындай ауқымдағы алғашқы токамак. Осылайша, Қазақстан Республикасы басқарылатын термоядролық синтездің озық зерттеу қондырғыларына ие 10 елдің қатарына кірді.

EAGLE-3, CORMIT-2 халықаралық жобаларын іске асыру, екі зерттеу реакторын конверсиялау шеңберінде маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. ССП аумағының 70%-ға жуығына кешенді радиоэкологиялық тексеру жүргізілді.

2019 жылдың қалай есте қалатыны туралы тағы да көп нәрсе айтуға болады. Бұл жыл сіздердің әрқайсыңыз үшін бақытты да табысты жыл болды деп үміттенемін.

Құрметті әріптестер! 2020 жыл әрбір үйге жақсылықпен және мейіріммен кірсін, барлық армандарыңыз орындалсын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

     Эрлан Батырбеков,
     ҚР ҰЯО РМК бас директоры

поздравление