Құрметті Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері! Қымбатты әріптестер!


17 наурыз 2017

Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

 

Осынау бүкілхалықтық тамаша мерекенің негізінде бірлік пен түсіністік, бейбітшілік пен келісім сияқты ұғымдар жатыр. Бұл мереке біздің өмірімізге рухани жаңару әкеледі, адамдардың жүрегінде жақсылыққа деген ұмтылыс оятады.

Бүгін біз Наурыз мерекесін үлкен жетістіктермен қарсы алып отырмыз, баршаңызға үздіксіз және жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді.

Наурыз мерекесі жаңа жетістіктер әкелсін, барлық армандар орындалсын! Осы мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, табыс тілеймін. Әрбір үй бақыт пен шаттыққа толсын!

Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы өркендеп, жаңара берсін!

Эрлан Батырбеков,

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

поздравление