07 наурыз 2019
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбеков Жапонияға сапары барысында JAEA – Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің президенті Toshio Kodama мырзамен жұмыс кездесуін өткізді. Әңгіме барысында ұйымдардың басшылары EAGLE жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын натрий жылутасығышты шапшаң нейтрондардағы реакторлардың қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен ілгерілеуін атап өтті. EAGLE жобасының бірегейлігі – әлемде алғаш рет реакторлық жағдайларда актив аймақ материалдарын балқыту арқылы (8 кг-ға дейінгі отынды, 10 кг-ға дейінгі балқыманы – конструкциялық материалдармен) эксперименттер жүргізілетіндігінде.
EAGLE атауына ие болған жоба бойынша бірінші келісімшарт 1995 жылғы желтоқсанда жасалды және шапшаң нейтрондардағы авариялық реактордың балқытылған отынын актив аймақтан реактор корпусының ішіндегі қауіпсіз жерге басқарылатын орын ауыстыру тұжырымдамасын эксперименттік растауға бағытталды.
2015 жылғы наурыздан бастап жобаның үшінші сатысы EAGLE-3 іске асырылуда, мұндағы жұмыстар отынның шапшаң нейтрондардағы реактордың БҚЖ жүйесін реттеу өзекшесінің бағыттаушы құбырлары арқылы орын ауыстыру мүмкіндігін зерттеуге, сондай-ақ салқындатқыш натрийдің шектеулі мөлшерінде онда қалдық энергия бөлінуі болған кезде балқыманы салқындату процестерін зерделеуге жұмылдырылды.
Қазіргі уақытқа дейін ИГР реакторлық кешенінде EAGLE жобасы шеңберінде ауқымды 10 реакторішілік эксперимент ойдағыдай жүргізілді. Реактордан тыс EAGLE стендінде 52 эксперимент жүргізілді. Халықаралық деңгейде танылған бірегей нәтижелерге қол жеткізілді.
JAEA президенті Жапония Министрлер кабинетінің шапшаң реакторлар саласында жаңа саясат қабылдағаны туралы хабарлады. Kodama мырза JAEA агенттігінің алдағы уақытта да Жапониядағы атом энергиясының аталған бағыты бойынша, оның ішінде осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты негізгі ұйым болып қала беретінін атап көрсетті.
Қазіргі уақытта JAEA шапшаң нейтрондардағы реакторлар технологияларының даму стратегиясы бойынша жол картасын әзірлеуде, оның негізі осындай реактордағы болашақ АЭС-тердің сенімді қауіпсіздігі болып табылады және бұл жағдайда аталған мәселе бойынша JAEA мен ҚР ҰЯО ынтымақтастығының ұзақ жылғы жемісті тәжірибесі болашақтағы өзара іс-қимыл үшін жақсы негіз болмақ.
Сондай-ақ JAEA мен ҚР ҰЯО басшылары атом саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жемісті ынтымақтастықты және бұрынғы Семей сынақ полигонының радиоэкологиялық мәселелерін шешу жөніндегі өзара іс-қимылды да атап өтті.
11 қазан 2024
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024