29 шілде 2016

ҚР Ұлттық ядролық орталығында қазақстандық КТМ термоядролық материалтану реактор токамагын салуды аяқтау жұмыстары жүріп жатыр, онда басқарылатын термоядролық синтездің әртүрлі мәселелері бойынша материалтану зерттеулері жүргізілетін болады.
Бүгінгі күні КТМ токамагының кешені 80%-ға жүзеге асырылды, бұл 2010 жылы КТМ қондырғысын сынамалық іске қосуға мүмкіндік берді. КТМ кешенін құру жобасы бойынша қалған жұмыстарды іске асыруды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
КТМ токамагын пайдалануға енгізу 2017 жылға жоспарланған. Бұл жоба алдағы «Астана Экспо-2017» көрмесінің басты экспонаттарының бірі болмақ.
02 қазан 2026
02 қазан 2026
30 қыркүйек 2026
28 қыркүйек 2026