ВЧГ-135 стенді

ВЧГ-135 стенді шағын габаритті үлгілерде жоғары температуралы материалтану зерттеулерін орындауға арналған және үлгілерді жоғары, шамамен 3000 °С, температураға дейін жылдам қыздыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, генератор ажыратылғаннан кейін оларды сумен салқындатылатын индуктор арқылы жылудың кемуі есебінен салқындатады.

Стендте жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • балқу температурасына дейін қыздыру процесінде кориум компоненттерінің өзара әрекеттесуін зерттеу;
  • Zr, Nb, Ta және т. б. карбидтерге негізделген графит тигелін қорғаудың әртүрлі әдістерінің тиімділігін зерттеу;
  • әртүрлі құрамдағы кориумдағы фазалық ауысулардың температурасын анықтау;
  • кориумның құрылымдық материалдармен жоғары температуралық өзара әрекеттесуін зерттеу;
  • кориумның электрофизикалық қасиеттерін анықтау;
  • берілген құрамдағы кориумның ықшам құймаларын алу;
  • ZrC негізіндегі қорғаныс қабатын графит тигельдерінің ішкі қабырғасына және графит бөлшектерінің сыртқы бетіне жағу.

Стендтің техникалық сипаттамалары:

Генератор жиілігі
66 кГц
Жұмыс камерасының ішкі диаметрі
600 мм
Жұмыс камерасының биіктігі
700 мм
Индуктордың өлшемдері
Ø80×150, Ø120×150 мм
Температура датчиктері
термопаралар, пирометрлер
Жұмыс камерасындағы газ ортасы
вакуум, аргон
Тиелетін шихтаның салмағы
100-200 г