Ұлттық ядролық орталық

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом қуаты жөніндегі агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.

ҚР ҰЯО миссиясы - Қазақстан Үкіметінің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы саясатын ғылыми-техникалық қолдау.

ҚР ҰЯО қызметінің стратегиялық бағыттары:

- Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту
- Басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамыту
- Қазақстанның радиациялық қауіпсіздігі және экологиясы
- Таратпау режиміне және ЯҚЖТСШ-ға қолдау көрсету
- Атом саласына ақпараттық және кадрлық қолдау көрсету.