Қазақстан Республикасы Министерлер кабинетінің 29.10.1993 жылғы № 1082 қаулысына сәйкес «Бурабай» геофизикалық обсерваториясы мен № 35 геофизикалық партиясы негізінде құрылды.
Геофизикалық зерттеулер институтының маңызды ғылыми-техникалық және өндірістік инфрақұрылымы бар, олар: 17 стационарлық станция (сейсмикалық, инфрадыбыстық, магниттік), Деректер орталығы, спутниктік байланыс арналары мен ғылыми-зерттеу зертханаларын қамтитын цифрлық деректерді жинаудың телекоммуникациялық желісі.
Институт Қазақстан Республикасындағы ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау туралы негізгі халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша елдің ғылыми-техникалық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін жалғыз ұйым болып табылады.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған құжаттарды қолдау үшін АҚШ-тың IRIS сейсмологиялық университеттер корпорациясымен келісім, Францияның Атом энергиясы жөніндегі комиссариатымен Ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум және норвегиялық NORSAR орталығымен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім орындалуда.
Ғылыми-техникалық қызметінің негізгі бағыттары:
- ядролық қаруды сынауды бақылау;
- бұрынғы ядролық полигондардың геологиялық құрылымдарын геофизикалық зерделеу және мониторингілеу;
- атом жылу энергетика станцияларын, РАҚ-ты сақтау және көму пункттерін орналастыруға арналған учаскелерді геофизикалық зерделеу;
- инженерлік-геологиялық және геологиялық-барлау жұмыстарын (бұрынғы полигондарда, уран өндіру кезінде және т.б.) жүргізу;
- жер сілкіністерін тіркеу және болжау;
- ақпаратты алу және өңдеу технологияларын, жаңа геофизикалық жабдықтар мен аппаратураларды әзірлеу, жетілдіру және енгізу.
- Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт (ЯСЖТШ) (1996 ж., ратификацияланған жылы - 2001 ж.);
- ЯСЖТШ-ға қолдау көрсету үшін халықаралық мониторинг объектілерінде сертификаттаудан кейінгі іс-шараларды қоса алғанда іс-шаралар өткізу туралы келісім (2004 ж., ратификацияланған жылы - 2007 ж.);
- «Қазақстанда ядролық сынақтарды бақылайтын сейсмикалық станцияларды орнату және пайдалану туралы» атқарушылық келісім (1997 ж., шатырлық келісімнің ратификацияланған жылы - 2009 ж.);
- ҚР мен РФ арасындағы «Ядролық қаруды сынау және олардың өткізілмеуін бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім (1994 ж.).