КТМ конструктивті ерекшеліктері
- штаттық және апаттық жұмыс жағдайларында, соның ішінде плазманы үзу режимінде материалдар мен технологияларды сынау үшін A = 2 аспектілік қатынасы бар мегаамперлік қондырғы;
- қуаты 8 МВт-қа дейінгі қосымша ЖЖ-қыздырудың көмегімен температурасы 10 млн К-нен жоғары плазмалық баудың жануының стационарлық режимін ұйымдастыру;
- қуаты 20 МВт/м² дейінгі диверторлы аймаққа қабырғалық плазманың стационарлық ағындарын ұйымдастыру, бұл ИТЭР диверторы мен камера қабырғасына түсетін ағындарға жақын немесе одан жоғары;
- диверторлы пластиналардың материалдарын, плазма ағындарын қабылдау шарттары мен шамаларын жедел өзгертуге, жылдам соруды және басқа операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғыларды жасау;
- плазма ағындарының қуатын сепаратристің X-нүктесінен диверторлы пластиналарға дейінгі арақашықтық арқылы реттеу;
- плазма ағындарының қуатын диверторлы пластиналардың токамак осіне көлбеу бұрышын өзгерту арқылы реттеу;
- плазма ағындарының қуатын қосымша полоидальды орамның көмегімен сепаратрисаның X-нүктесін свиптеу арқылы реттеу.
Параметрлері
- Плазманың үлкен радиусы
- 0,9 м
- Плазманың кіші радиусы
- 0,45 м
- Аспектілік қатынас A
- 2
- Плазманың созылыңқылығы K95
- 1,7
- Осьтегі тороидалды магнит өрісі Bто
- 1 Тл
- Плазманың максималды тогы
- 0,75 МА
- Ток платосының ұзақтығы
- 2-5 с
- Қосымша қыздыру қуаты Paux
- 8 МВт
- Дивертор пластиналарына жылулық жүктеме
- 2-20 МВт/м²