"Лиана" стенді конструкциялық материалдардағы сутегі изотоптарының ИВГ.1М реакторындағы сәулелендіру процесіндегі масса тасымалдауының жоғарытемпературалы процестерін зерттеуге арналған.
Зерттеулер үздіксіз айдау режимінде суөтімділіктің дифференциал әдісімен жүргізіледі. Зерттелетін үлгі арқылы өтетін сутегі изотоптарының үлестік қысымын тіркеу реактор кешенінің тіркеу жүйесіне орнатылған ИПДО-1 масс-спектрометр негізіндегі компьютерленген бағдарламалық-техникалық кешенмен жүзеге асырылады.
Сутегі өтімділігінің зерттеулері ИВГ.1М реакторында шапшаң нейтрондардың 10¹³ н/см²·c ағыны, жылулық нейтрондардың 10¹⁴ н/см²·с ағыны кезінде, температуралардың 523-1023 К диапазонында және сутегінің 10⁻²-10⁶ Па кіріс қысымында Cr18Ni10Ti таттанбайтын болат, никель, V-4Cr-4Ti ванадий қорытпасы, CuCrZr мыс қорытпасы үлгілерінде орындалды.
Техникалық сипаттамалары
- Зерттеудің температуралық аралығы
- 500...1300 К
- Үлгінің кіру жағындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны
- 10²...10⁶ Па
- Үлгінің шығу жағындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны
- 10⁻⁴...10⁻⁷ Па