16 қыркүйек 2026




15 қыркүйекте Венада өтіп жатқан МАГАТЭ-нің 70-ші Бас конференциясы аясында қазақстандық делегация Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) CFEC және Southwestern Institute of Physics (SWIP) қатысуымен ұйымдастырған «Fusion for Future: Engineering the Key Pathway to Realizing Fusion Energy» сайд-ивентіне қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығынан бұл іс-шарада бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары В. А. Витюк сөз сөйледі. Ол іргелі зерттеулерден термоядролық энергетиканың нақты инженерлік және технологиялық міндеттерін шешуге көшу барысында халықаралық кооперацияның маңыздылығын атап өтті.
ҚР ҰЯО РМК-нің қытайлық әріптестермен ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. ҚР ҰЯО мен SWIP арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Ұлттық ядролық орталық CNNC қатысуымен құрылған Controlled Nuclear Fusion Innovation Consortium құрамына енді.
Бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарының бірі – болашақ термоядролық энергетика технологияларын зерттеу және эксперименттік сынақтан өткізу үшін Қазақстандық КТМ материалтану токамагының мүмкіндіктерін пайдалану.
Сайд-ивентке қатысу Қазақстанның ғылыми инфрақұрылымын халықаралық термоядролық зерттеулерге интеграциялау жолындағы кезекті қадам болды.
15 қыркүйек 2026
15 қыркүйек 2026
11 қыркүйек 2026
10 қыркүйек 2026