25 маусым 2026


Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының делегациясы жұмыс сапарымен Швейцарияға барды. Сапар аясында радиоактивті қалдықтармен жұмыс жөніндегі ұлттық ұйым – Nagra өкілдерімен кездесу өтті.
Келіссөздер барысында швейцариялық мамандар радиоактивті қалдықтарды терең көму жөніндегі жобаларды құру үшін қажетті геологиялық зерттеулер жүргізу және геологиялық модельдер құру тәжірибесімен бөлісті. Тараптар сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар аясында делегация радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау және қайта өңдеу алаңы – Zwilag-қа, жерасты зерттеу зертханасы – Mont Terri-ге барып, радиоактивті қалдықтарды терең геологиялық көмудің қауіпсіздігін негіздеу бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулермен және Пaуль Шеррер институтының (PSI) Panda эксперименттік қондырғысымен танысты.
Бұл сапар Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулерді дамыту және радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру үшін өзекті болып саналады.
19 маусым 2026
16 маусым 2026
12 маусым 2026
11 маусым 2026