17 сәуір 2026


ҚР Ұлттық ядролық орталығының негізгі құзыреттерінің бірі – Қазақстан аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жұмыстар кәсіпорындармен жасалған шарт бойынша міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Қаражыра» және «Қаражал» кен орындарының 10 учаскесінде кешенді экологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі радиациялық жағдайды бағалау үшін қоршаған ортадан, соның ішінде топырақ, су, ауа, өсімдік және биологиялық үлгілерден 600-ден астам сынама алынып, талдау жасалды. Алынған деректер негізінде әрбір учаске бойынша зерттеу материалдары дайындалады.
Қорытынды нәтижелер ықтимал экологиялық қауіп-қатерді анықтауға, аумақтардың ластану деңгейін бағалауға және оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін негіздеуге жағдай жасайды.
16 сәуір 2026
15 сәуір 2026
15 сәуір 2026
14 сәуір 2026