16 сәуір 2026

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары Қазақстандағы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов – 2026» XXI халықаралық ғылыми конференциясында өз зерттеу нәтижелерін ұсынды.
«Қазақстан Республикасының өңірлері мен қалаларын дамытудың геоэкологиялық мәселелері» секциясы шеңберіндегі баяндамалардың бірі су қоймаларының радиоактивті ластануы мен экожүйелердің жай-күйін бағалау индикаторы ретінде балықтардың қасиеттерін зерттеуге арналды. Тағы бір баяндамада тау-кен өндірісі қызметінің әсерінен Шығыс Қазақстандағы шағын өзендердің трофикалық тізбектерінде ауыр металдар мен радионуклидтердің жинақталуы қарастырылды.
Конференцияға қатысу зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа кеңінен таныстыруға, әріптестермен тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен ғылыми байланысты келешекте ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану жоспарланып отыр.
15 сәуір 2026
15 сәуір 2026
14 сәуір 2026
13 сәуір 2026