МАГАТЭ кепілдіктерін қолдану жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы


15 сәуір 2026


13–14 сәуір күндері Астанада Қазақстан Республикасында МАГАТЭ кепілдіктерін қолдану жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы (SIRG 2026) өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті Қазақстанның ядролық отын циклі саласындағы қызметі, сондай-ақ бұрынғы ядролық сынақ полигондарында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жоспарлар туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды.

Талқылау барысында басты назар ядролық материалдарды есепке алу және бақылау мәселелеріне аударылды. Атап айтқанда, ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторларының отынындағы жоғары байытылған уранды (ЖБУ) сұйылту және иммобилизациялау аспектілері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған негізгі іс-қимылдар айқындалып, келесі кездесу 2026 жылғы қазан айына жоспарланды.
 

ИГР МАГАТЭ ВОУ реактор ИВГ.1