15 сәуір 2026




ҚР Ұлттық ядролық орталығының Семей сынақ полигоны (ССП) аумағы мен оған іргелес аудандардағы экспедициялық жұмыстарының далалық маусымы басталды.
2026 жылы Долон ауылдық округін кешенді экологиялық тексеру жалғастырылды. Жұмыстар ақпан айының соңында, картографиялық бөлу, жолға шығуды жоспарлау, персоналды оқыту және жабдықтарды әзірлеу сияқты дайындық іс-шаралары жүргізілгеннен кейін басталды. Қазіргі уақытта шамамен 200 топырақ сынамасы алынды.
Наурыз айында ССП аумағына мониторинг жүргізу басталды: 22 бақылау нүктесінде, оның ішінде радионуклидтердің ықтимал таралу бағыттары бойынша көктемгі сынама алу жұмыстары орындалды, сондай-ақ ауа аэрозольдері мен жерасты суларының сынамалары алынды. Мамандар ұңғымаларды алдын ала тексеріп, оларға қызмет көрсетіп, негізгі параметрлерін өлшеді.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026