13 сәуір 2026



2026 жылғы 9–11 сәуірде Кореяның термоядролық энергия институтының (Оңтүстік Корея, KFE) делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келіп қайтты.
Сапар барысында техникалық кездесу өткізіліп, тараптар басқарылатын термоядролық синтез технологиялары саласындағы бірлескен зерттеулердің алдағы бағыттарын, сондай-ақ кадр даярлау мәселесін талқылады.
Кореялық әріптестер үшін бұл сапар Ұлттық ядролық орталықпен және оның эксперименттік базасымен, оның ішінде Қазақстандық КТМ материалтану токамагының, плазмалық-шоқ қондырғысының және термоядролық қондырғыларға арналған материалдарды әзірлеу мен зерттеуге арналған материалтану кешенінің мүмкіндіктерімен алғашқы танысу болды.
Танысу сапары кәсіби байланысы одан әрі дамытып, тәжірибе алмасуға негіз болды.
23 қазан 2026
23 қазан 2026
22 қазан 2026
21 қазан 2026