09 сәуір 2026




Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар аясында Ұлттық ядролық орталық мамандары Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «Ғылым жанымызда» атты лекциялар циклін өткізді.
Жоғары сынып оқушыларына қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер, технологиялардың дамуы және атом энергетикасының рөлі жайлы түсінікті әрі мазмұнды түрде дәріс оқылды.
Өз кәсібін таңдау және ғылым саласында қызмет ету мүмкіндігіне ерекше мән берілді.
Ашық диалог форматы оқушыларға өздерін қызықтырған сауалдарға тәжірибелі мамандардан толық жауап алуға мүмкіндік берді.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026