19 наурыз 2026


Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Осло қаласында (Норвегия) өткен жоғары байытылған уранды минимизациялау жөніндегі халықаралық симпозиумға (HEU Minimization) қатысты. Бұл іс-шара ядролық қауіпсіздік және таратпау мәселелерін талқылау үшін мемлекеттерді, ғылыми ұйымдар мен халықаралық институттарды біріктіретін жетекші халықаралық алаңдардың бірі болып саналады.
Симпозиум барысында қазақстандық делегация жоғары байытылған уранды төмен байытылған отынға ауыстыру арқылы зерттеу реакторларын конверсиялау саласындағы негізгі жетістіктерін, сондай-ақ ядролық отынмен жұмыс істеу және оны қауіпсіз басқару бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.
Жоғары байытылған уранды қолдануды азайту жөніндегі сәтті жүзеге асырылған жобаларға ерекше назар аударылды, бұл Қазақстанның ядролық материалдарды таратпау және жаһандық қауіпсіздікті нығайту саласындағы халықаралық міндеттемелеріне толық сәйкес келеді.
Қазақстан ядролық технологиялар мен ядролық қауіпсіздік саласындағы айтарлықтай тәжірибеге ие бола отырып, жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Симпозиумға қатысу еліміздің осы саладағы халықаралық қауымдастық алдындағы жоғары сенімін кезекті рет растады.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және ядролық қауіпсіздікті арттыру мақсатында МАГАТЭ-мен және жетекші елдердегі серіктестермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
11 наурыз 2026
10 наурыз 2026
06 наурыз 2026
11 ақпан 2026