27 қараша 2024

«Жылдың үздік инженері 2024» атағы ірі индустриалдық жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы «Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке берілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) ел экономикасының түрлі салаларындағы жетекші ғалымдар, өндірісті ұйымдастырушылар мен инженерлер арасында «Жылдың үздік инженері» 10-шы мерейтойлық байқауын қорытындылады. Комиссияның қарауына еліміздің барлық өңірлерінен материалтану, экология, жылу энергетикасы, атом энергетикасы, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі және т.б. салаларындағы озық инженер-мамандардан жалпы саны 67 өтінім ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ұжымы өз басшысын еңбегінің жоғары бағалануымен құттықтайды!
03 шілде 2026
02 шілде 2026
25 маусым 2026
19 маусым 2026