27 ақпан 2024
2024 жылғы 23 ақпанда ҚР Ұлттық ядролық орталығында мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің комплаенс жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Д.Е. Ақшалов кәсіпорын жұмыскерлеріне «комплаенс» терминінің мағынасын түсіндіріп, мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін жағдайлар мен мысалдар, сондай-ақ оның алдын алуға және реттеуге бағытталған шаралар тізбесіне талдау жасалды.
Мүдделер қақтығысын декларациялау және ашу тәртібі талқыланды.
Семинар барысында кәсіпорын жұмыскерлерінің ішкі нормативтік құжаттарды сақтау қажеттілігі, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдделіліктен бас тарту, сондай-ақ мүдделер қақтығысы туындаған кезде басшылыққа дереу хабарлау қажет екендігі жайлы айтылды.
02 қазан 2024
27 қыркүйек 2024
27 қыркүйек 2024
26 қыркүйек 2024