Атом энергетикасы жөніндегі менеджмент мектебі


21 қараша 2023

 

МАГАТЭ-ге қатысушы 23 елден келген 38 маман, оның ішінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары МАГАТЭ мен Бейжіңдегі Қытай ядролық саласы колледжі бірлесіп ұйымдастырған атом саласының жас мамандары мен орта буын басшыларына арналған Атом энергетикасы жөніндегі менеджмент мектебінде білімдерін толықтырды.

Атом энергетикасы жөніндегі менеджмент мектебі жыл сайын ұйымдастырылады, оның негізгі міндеті – қатысушыларды ұлттық ядролық-энергетикалық бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін көшбасшылық және басқару біліктілігіне баулу.

Екі апталық іс-шара атом энергетикасын дамытудың қазіргі мәселелеріне, МАГАТЭ қызметі шеңберінде әлемдегі ядролық-энергетикалық бағдарламаларды реттеудің негізгі аспектілеріне, кадрлар даярлауға, ядролық білімді басқаруға және т. б. арналды.

Теориялық және практикалық сабақтардан басқа, барлық қатысушы үшін Қытайдың атом саласы объектілеріне, оның ішінде қолданыстағы атом электр станцияларына техникалық турлар ұйымдастырылды.

 

молодые ученые и специалисты Обучение МАГАТЭ РГП НЯЦ РК атомная энергетика АЭС Китай практические и лекционные занятия подготовка кадров для атомной отрасли технические туры управленческие компетенции ядерно-энергетические программы