20 шілде 2023
2023 жылғы 19 шілдеде ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) аға лауазымды қызметкерлерінің онлайн-кеңесіне қатысты.
Онлайн-кеңес аясында Форум жобалары бойынша 2022-2023 жылғы жұмыстардың барлық бағыты бойынша баяндамалар тыңдалды. 2023-2024 жылдарға арналған алдағы іс-шараларды дайындау және мазмұнды толықтыру, сондай-ақ Форум қызметі бойынша басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
«Шағын модульдік реакторларды қоса алғанда жаңа буын ядролық реакторларды дамыту перспективалары» мәселесіне арналған сессияда бас директор ШМР (шағын модульдік реакторлар) негізінде атомдық энергия көздерін әзірлеу және енгізу әлемде атом энергетикасын дамытудың перспективалық бағыты екенін атап көрсетті. Соңғы жылдары ШМР-ге сұраныс қарқынды өсіп келе жатқандықтан, бұл атом энергетикасы технологияларының жетекші өнім берушілерін ШМР әзірлеу мен енгізуге айтарлықтай күш салуға итермелейді.
Осы мәселеге түсініктеме бере отырып, Эрлан Батырбеков кеңеске қатысушылардың назарын бұл мәселенің еліміз үшін маңыздылығына аударды. «Егер еліміздің энергетиканы декарбонизациялау бағытын ескеретін болсақ, болашақта өз ресурсын өндіретін жылу электр станцияларының бір бөлігін атомдық энергия көздерімен алмастыру мүмкіндігін қарастырамыз. Қазіргі уақытта Қазақстанның электр генерациясы құрылымындағы жылу электр станцияларының үлесі шамамен 70% құрайды. ШМР-ды енгізу электр желілік инфрақұрылымы дамымаған аудандар үшін келешегі зор. Бұл жағдайда желілік инфрақұрылымды құру шығындары азаяды, бұл Қазақстан үшін өте өзекті, өйткені біздің елімізде халықтың тығыздығы біркелкі емес үлкен аумақтар бар және электр энергиясын тұтыну орталықтары да әрқалай орналасқан. ШМР жоғары қуатты реакторларға қарағанда электр станцияларын әлдеқайда қысқа мерзімде орналастыруға мүмкіндік береді, ШМР негізіндегі АЭС-ке пайдалану ресурстары тұрғысынан, сондай-ақ олар салынатын аймақта авариялық қуат резервінің болуы тұрғысынан аз талап қойылады. Осыған байланысты кеңестің ұсынылған тақырыбы біз үшін үлкен қызығушылық тудырады».
Онлайн-кеңесті қорыта келе, қатысушылар Форумның алдағы жұмысына негіз болатын тұжырымдар мен ұсынымдарды қалыптастырды.
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024