13 шілде 2023
12 шілдеде ҚР ҰЯО делегациясы INL-ге жұмыс сапары аясында Айдахо ұлттық зертханасының инфрақұрылым объектілеріне: ядролық материалдар мен РАҚ қоймасына, TREAT зерттеу реакторына, ыстық камералар мен зерттеу жабдықтарынан тұратын отын-материалтану кешеніне барып қайтты.
Қазақстан мен АҚШ мамандары ядролық отынды ұзақ мерзімді сақтау, зерттеу реакторында эксперименттер жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ ПЯО өңдеу технологиялары туралы мәселені талқылады.
Ұлттық зертхананың инфрақұрылым объектілерін аралау кезінде ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков АҚШ Энергетика министрлігінің және Айдахо ұлттық зертханасының өкілдерімен бірлесіп алдағы екіжақты ғылыми ынтымақтастық мәселесін кезекті рет талқылады.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024