Қазақстандық физикалық қоғамның жыл сайынғы үшінші жиналысы ҚР ҰЯО РМК-де өтеді


14 сәуір 2023

 

2023 жылғы 7-11 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов қ.) негізінде Қазақстандық физикалық қоғамның (ҚФҚ) жыл сайынғы үшінші жиналысы өтеді, оған әртүрлі елдердің ғылыми институттары мен үкіметтік ведомстволарының жетекші ғалымдары және зерттеушілері қатысады.

Жұмыс барысында қазіргі заманғы физика мен физикалық технологиялардың әртүрлі салаларындағы соңғы жетістіктер, физика ғылымының өзекті бағыттарын одан әрі дамыту мәселелері мен перспективалары қаралады.

Бағдарламада физика ғылымдарының өзекті бағыттары бойынша баяндамалар, сондай-ақ ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен бұрынғы Семей сынақ полигонының бірегей объектілеріне техникалық турлар көзделген.

Жиналыстың ресми тілі – ағылшын тілі.

Іс-шара, қатысу шарттары және баяндамаларды ұсынуға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратпен http://kazps.kz/ сайтында танысуға болады, қойындысы – «Конференциялар».

Барлық сұрақтар бойынша 8 (72251) 2-76-95 телефоны немесе e-mail: submit.conf@nnc.kz арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

Ядерная физика СИП Курчатов молодые ученые и специалисты РГП НЯЦ РК Республика Казахстан популяризация науки и атомной отрасли собрание Казахстанское физическое общество (КФО) технические туры