Энергетикадағы материалтану және кәсіби ғылыми кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық» дөңгелек үстелі


11 сәуір 2023

 

Қолданыстағы келісімдерге және Қазақстанның жоғары оқу орындарымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдарға сәйкес ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Энергетикадағы материалтану және кәсіби ғылыми кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ҰЗТУ, «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КеАҚ жанындағы «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығы мен Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана,
«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ электрохимиялық өндірістік технологиялар зертханасы, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы мен «Материалдардың бетін түрлендіру» ғылыми орталығы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «PlasmaScience» ғылыми орталығы, Композиттік материалдар ғылыми орталығы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты академиялық, университеттік және өндірістік ғылымды интеграциялау, материалтану және кәсіби ғылыми кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.

Кездесу барысында ҚР ҰЯО-ның жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және энергетикадағы материалтану міндеттерін шешуге қажетті кадрлар даярлау саласындағы өзара іс-қимылының жемісті тәжірибесі қаралды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ғылыми саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

 

 

РГП НЯЦ РК АО «Парк ядерных технологий» Меморандум соглашение КазНИТУ им. К. И. Сатпаева НАО Университет им. Шакарима НАО «ВКТУ им. Д. Серикбаева» НАО "КазНУ им. аль-Фараби" Научный центр «PlasmaScience» развитие сотрудничества