Кәсіби мереке – Геолог күні құтты болсын!


31 наурыз 2023

Құрметті әріптестер!

Елімізде сәуір айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Геолог күнімен геология ғылымдары және мамандықтарымен байланысты барлық мамандарды құттықтаймын. Әсіресе ҚР ҰЯО филиалы – Геофизикалық зерттеулер институтының қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын!

Біз филиалдың жетістіктерін мақтан етеміз. Өз ісінің кәсіби мамандары бола отырып Сіздер ҚР ҰЯО қызметін геофизикалық сүйемелдеуді, ядролық қауіпсіздік және ядролық таратпау туралы негізгі халықаралық шарттар мен келісімдер бойынша еліміздің ғылыми-техникалық міндеттемелерін орындауді ойдағыдай жүзеге асырып келесіздер, жыл сайын 11 000-нан астам сейсмикалық оқиғаны тіркей отырып, халықаралық мониторинг жүйесіне кіретін 17 сейсмикалық және инфрақызыл станциядан, спутниктік байланыс арналары бар деректер және коммуникациялар орталығынан тұратын желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етесіздер.

Сіздерге денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға жақсылық пен амандық, жаңа идеялар мен жаңалықтар, сондай-ақ сарқылмас өмірлік күш-қуат тілеймін.

                                       Эрлан Батырбеков, Бас директор 

профессиональный праздник