Атом саласы қызметкерлерінің күнімен!


27 қыркүйек 2019

Құрметті әріптестер! Қымбатты ардагерлер! 

Кәсіби мерекелеріңіз – Атом саласы қызметкерлерінің күніне арналған құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Бұл экономиканың түбірінен жаңа саласын құрып, атом энергиясын бейбітшілік пен жасампаздыққа қызмет ету қатарына қосқандардың мерекесі. 

Бүгінде Қазақстанның атом саласы елдегі ең жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін, тиімді салалардың бірі болып табылады және экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды, табысты салаларының бірі болып саналады. Атом саласының жетістіктері тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, атом энергетикасы басты рөл атқаратын болашақтан лайықты орын алуға ұмтылысын растайды.

Біз Қазақстанның атом саласының жетістіктерін мақтан тұтамыз, оның дамуына өз үлесімізді қосамыз. Бүгінгі таңда сіздердің жоғары біліктіліктеріңіздің арқасында ғылыми-техникалық бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру қамтамасыз етілген.

Құрметті әріптестер! Мен сіздерге атқарған жұмыстарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз үшін алғыс білдіремін! Біз атом энергетикасын дамыту үшін әрі қарай да тиімді жұмыс істейтін боламыз деп сенемін. Сіздерге алдағы уақытта мол табыс, мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін.

Бас директор                                                                 Э. Ғ. Батырбеков

 

поздравление торжественное собрание День работников атомной отрасли Эрлан Батырбеков РГП НЯЦ РК