28 желтоксан 2018
2018 жыл ҚР Ұлттық ядролық орталығының тарихына табысты жыл ретінде кірмек.
ҚР ҰЯО филиалдарының бірлескен күш-жігерінің, барлық қызмет бағыттары бойынша жоғары біліктілік деңгейінің арқасында кәсіпорын ғылыми жобаларды іске асыруда айтарлықтай жетістікке жетті.
Тек қана атом энергетикасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті. EAGLE-3, CORMIT-2 халықаралық жобаларының шеңберінде эксперименттер жүргізілді. 2018 жылғы қаңтардан қарашаға дейінгі аралықта ТБУ (төмен байытылған уран) бар екі эксперименттік арнаны кешенді сынау бағдарламасы бойынша ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосу 17 рет жүргізілді. Болашаққа үлкен негіз қаланды. Мысалы, «Доллежаль атындағы ЭТҒЗКИ» АҚ-мен шапшаң нейтрондардағы БРЕСТ-300 тәжірибелік-көрсету реакторының «Прорыв» бағдарламасы шеңберінде жаңа әзірленген отынды ИГР реакторында сынау бойынша келіссөздер жүргізілді. Францияның Атом энергетикасы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатымен САЙГА жобасына арналған келісімшартқа дайындық жүргізілуде.
Бұрынғы ССП проблемаларын шешу және Қазақстан Республикасының барлық аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар орындалды. Атап айтқанда, «Сарыөзен» алаңының маңындағы ауданы 1200 км2 аумақты кешенді экологиялық тексеру бойынша жұмыстар аяқталды. «Дегелең» алаңы маңындағы ауданы 1200 км2 аумақты кешенді экологиялық тексеру жұмыстары басталды. «4» алаңның ауданы
24 км2 жерін тексеру аяқталды. «Тәжірибе алаңының» ауданы 270 км2 жеріне тексеру жүргізілді.
Кадрларды даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Кәсіпорында өңірлік университеттер кафедраларының 5 филиалы жұмыс істейді. Осының арқасында ҚР ҰЯО қызметкерлерінің PhD докторантурада өндірістен қол үзбей оқу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Біздің ҚР ҰЯО-ның жас мамандарының жетістіктері кеңінен танылуда. Биыл Атом энергиясы институтының жас қызметкерлерінің бірі Ерлан Нұржанов «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясында бірінші орынды иеленді.
«Бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық Қазақстанның табысты ғылыми кәсіпорындарының бірі болып табылады, оның халықаралық ғылыми зерттеулер нарығында өз орны бар және де әлемге танылған, халықаралық беделі бар екендігін сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков.
Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов ҚР ҰЯО қызметкерлерін жылдың жемісті аяқталуымен құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кәсіпорынның қосқан үлкен үлесін атап көрсетті.
05 желтоксан 2024
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024