22 шілде 2026
21 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Пайдаланылған ядролық отынмен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және ядролық әрі радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару мәселелері жөніндегі базалық ұйымның «РАҚ түпкілікті оқшаулау – атом энергетикасының қауіпсіздігі мен орнықты дамуының негізгі элементі» халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің атом саласындағы бейінді ұйымдарының, ғылыми мекемелерінің және сарапшылары қауымдастығының өкілдері қатысады.
Бағдарлама бойынша іс-шаралар қатысушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметімен таныстырудан басталды. Қонақтар кәсіпорынның көрме залын, Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залын, сондай-ақ «Тәжірибелік алаң» сынақ алаңына барды. Экскурсия барысында сынақтардың тарихы, бұрынғы полигон аумағын зерттеу және оңалту бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесі туралы ақпарат ұсынылды.
Күннің екінші жартысында конференцияның ресми ашылуы және радиоактивті қалдықтарды басқарудың ұлттық жүйелерін қалыптастырып жатқан мемлекеттердің алдында тұрған өзекті мәселелерге арналған пленарлық отырыс өтті.
Отырыс барысында сарапшылар МАГАТЭ халықаралық қауіпсіздік стандарттарын, радиоактивті қалдықтарды түпкілікті оқшаулау жөніндегі әлемдік тәжірибені, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінде РАҚ-пен жұмыс істеудің ұлттық бағдарламаларын талқылады.
Конференция өз жұмысын жалғастырып жатыр. Алда – жаңа сараптамалық пікірталас, техникалық сапарлар және қорытынды шығару кезеңі күтеді.
17 шілде 2026
13 шілде 2026
10 шілде 2026
09 шілде 2026