Ғылыми атақ құтты болсын!


11 маусым 2026

ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының перспективалық материалдар зертханасының бастығы Мұхамедова Нурия Мейрамқанқызына 10200 – «Физика ғылымы» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз.

Нурия Мейрамқанқызы Атом энергиясы институтында 2014 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Оның негізгі ғылыми қызығушылық саласы энергетикада қолданылатын конструкциялық және функционалдық заманауи материалдарды зерттеумен және әзірлеумен байланысты. Зерттеулері материалдардың қасиеттерін жетілдіруге, оларды практика жүзінде қолдану аясын кеңейтуге, сондай-ақ қазіргі заманғы энергетикалық технологиялардың тиімділігі мен сенімділігін және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. 60-тан астам ғылыми еңбектің бірлескен авторы.

Нурия Мейрамқанқызын осы лайықты жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, сарқылмас қуат, жаңа ғылыми жетістіктер және алдағы уақытта да кәсіби табыс тілейміз! 
 

поздравление