Ғылым қызметкерлері күні құтты болсын!


10 сәуір 2026

Құрметті әріптестер!

Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын!

Ғылым – жасампаздық пен ілгерілеудің қайнар көзі. Сондықтан да оның маңыздылығын конституциялық деңгейде бекіту мемлекетіміздің кемелденуінің айқын көрінісі, ел болашағын қалыптастырудағы шешуші рөлінің танылуы.

Ғылымды дамыту – біздің басты күшіміз, білім – сабақтастықтың кепілі, ал ізденіс – жаңа көкжиектерге бастар жол.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану қағидаттарын ілгерілетуде отандық көшбасшы ретінде ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, бірегей жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Осы дәстүрді сақтай отырып, біз уақыт талабына сай жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сенімді түрде алға жылжимыз.

Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлеріне, ғылым саласының мамандарына кәсіби шеберлігі, өз ісіне деген адалдығы мен білімге деген құштарлығы үшін алғыс айтамын! Сіздерге зор денсаулық, қажыр-қайрат және ғылымды дамыту жолындағы еңбектеріңізге жаңа серпін тілеймін!

                                                                                                Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО РМК бас директоры
 

поздравление День работников науки