Марапат иегерін құттықтаймыз!


10 наурыз 2026

6 наурыз күні Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында академик Нәйля Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді. Іс-шара Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. 

Н. Базанова атындағы марапатты Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған және ол ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан ғалым әйелдерге екінші жыл қатарынан табысталып келеді. 2026 жылы бұл сыйға Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен университеттерінің 66 өкілі ие болды.

Марапатталғандардың қатарында ядролық реакторлар қауіпсіздігінің ғылыми негізін зерттеу және әзірлеу саласында жоғары білікті маман ретінде танылған ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реактор отынын сынау зертханасының бастығы Галина Анатольевна Витюк те бар. Ол өз жұмысында әртүрлі жұмыс режиміндегі реактордың актив аймағы мен ядролық отынның жай-күйін анықтайтын процестерді эксперименттік зерттеу мен сандық модельдеуді ұштастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ұжымы Галина Анатольевнаны жоғары марапатқа ие болуымен құттықтап, жарқын ғылыми жетістік, жаңа кәсіби табыс және зерттеу жобаларына сәттілік тілейді!

награждение поздравление