03 ақпан 2026



Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Шәкәрім университетінің бірлескен диссертациялық кеңесінде «Физика және химия ғылымдары» бағытында «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша алғаш рет PhD-диссертация қорғалды.
Диссертациялық кеңестің төрағасы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Ғаділетұлы Батырбеков болды.
Диссертациялық жұмыс Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы емдік балшықтың құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін кешенді зерттеуге, сондай-ақ липидтік биологиялық белсенді компоненттерді бөліп алу және сәйкестендіру мәселесіне арналды.
Сәтті қорғалған диссерация химия бағытында жоғары білікті ғылыми кадр даярлауды кеңейтудің маңызды кезеңі болды.
07 тамыз 2026
03 тамыз 2026
31 шілде 2026
30 шілде 2026