31 желтоксан 2025


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес 2025 жылы ғылым саласындағы сыйлық және мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері анықталды.
Конкурс нәтижесінде ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы атынан 2026 жылға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияға жас ғалымдар – директордың термоядролық зерттеулер жөніндегі орынбасары Шектібаев Бауыржан Жамбылұлы мен ғылыми қызметкер Самарханов Қуаныш Қанатұлы ие болды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Ғылыми ізденістеріңіз жемісті болып, атом энергетикасы мен термоядролық синтез саласындағы бастамаларыңыз ойдағыдай орындалып, алға қойған мақсаттарыңызға нық қадаммен жете берулеріңізді тілейміз!
11 ақпан 2026
10 ақпан 2026
03 ақпан 2026
30 қаңтар 2026