Жоғары марапатпен құттықтаймыз!


31 желтоксан 2025

«Үздік ғылыми қызметкер – 2025» жыл сайынғы сыйлығының қорытындысы шықты. Сыйлық «Ғылым және технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі іске асыратын ғалымдарды қолдаудың жүйелі шараларының бірі болып саналады.

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 50 жетекші зерттеуші лауреат атанды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК атынан ҚР

ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының ғалым хатшысы Ларионова Наталья Владимировна осы сыйлықтың лауреаты атанды.

Бұл марапат жоғары кәсібиліктің дәлелі болды.

Наталья Владимировнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа ғылыми жетістік, шабыт тілеп, идеялардың табысты жүзеге асуына, жаңа жеңістерге жетуіне тілектеспіз!

премия наука