17 желтоксан 2025

Ташкент қаласында (Өзбекстан) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының 26-отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның салалық министрліктері мен ведомстволарының, қауіпсіздікті реттеу органдарының және бейінді ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин бастап барды.
Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекеттері арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер мен МАГАТЭ ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Қазақстандық КТМ материалтану токамагы базасында ғылыми зерттеулер бағдарламасын іске асырудың қазіргі кезеңі және оның негізіндегі бірлескен зерттеулерді одан әрі дамыту келешегі туралы баяндама ұсынды.
17 желтоксан 2025
15 желтоксан 2025
15 желтоксан 2025
09 желтоксан 2025