24 қараша 2025


2025 жылғы 21 қарашада ҚР Ұлттық ядролық орталығында ғылыми-техникалық кеңес отырысы өткізіліп, онда 2025 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалатын ғылыми жобаларды іске асыру барысы қаралды.
Отырысты аша отырып, кеңес төрағасы – ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э. Ғ. Батырбеков кәсіпорын мен жалпы алғанда еліміздің атом саласы үшін стратегиялық маңызы бар аса маңызды оқиғаларға тоқталды. ҚР ҰЯО-ның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті арттыруға, атом саласын дамытуға бағытталған заң шығару жұмыстарына бастама жасап, қолдау көрсетудегі белсенді рөлі атап көрсетілді. Мәселен, 2023 жылы Мемлекет басшысы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды, оларды іске асыру бүгінде кәсіпорынның басым міндеттерінің бірі болып саналады. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Заң жобасы пысықталып жатыр, Курчатов қаласында Ғылым қаласын құру және дамыту жобасына ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында қатысушылар 2025 жылы атом энергетикасын, басқарылатын термоядролық синтез технологияларын дамытуға, радиоактивті қалдықтармен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс істеу тәсілдерін дамытуға бағытталған ғылыми жобалар бойынша жұмыс нәтижесін талқылады. Қол жеткізілген жұмыс нәтижесінің жаңалығы мен жоғары сапалы деңгейі, оның Қазақстан Республикасында ядролық ғылым мен технологияларды әрі қарай дамытудағы маңызы атап көрсетілді.
Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық кеңес 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын іске асырудың аралық нәтижесін мақұлдап, алдағы зерттеу бағыттары бойынша ұсынымдар берді.
20 қараша 2025
14 қараша 2025
12 қараша 2025
29 қазан 2025