20 қараша 2025

2025 жылғы қараша, Астана қаласы. ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық отын циклінің ядролық инфрақұрылымын дамыту, пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО) және радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) жұмыс істеу мәселесіне арналған семинарға қатысты. Іс-шара ТМД мемлекеттерінің осы бейіндегі ұйымдарының өкілдерін, МАГАТЭ сарапшыларын, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Арменияның реттеуші және салалық құрылымдарының мамандарын біріктірді.
Семинар барысында қатысушылар ТМД мемлекеттерінің ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру тәсілдерін, сондай-ақ осы саладағы стратегиялық жоспарлау мен заманауи технологияларды дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Халықаралық қауіпсіздік талаптарына, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи тәжірибесін енгізу үлгісіне және ТМД елдеріндегі нормативтік-құқықтық реттеуді талдауға ерекше назар аударылды.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары БН-350 реакторының пайдаланылған отынымен жұмыс істеу мәселесі бойынша баяндама жасады, сондай-ақ ҚР ҰЯО РМК зерттеу реакторларының ПЯО-сымен жұмыс істеу тұжырымдамасы туралы айтылды.
Семинар қорытындысы бойынша ТМД-ның базалық ұйымы шеңберінде ПЯО-мен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді, олар бірлесіп дайындалған құжатта көрсетілмек.
14 қараша 2025
12 қараша 2025
29 қазан 2025
28 қазан 2025