Shakarim University өкілдерінің сапары


12 қараша 2025

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Shakarim University өкілдерімен атом саласы үшін мамандар даярлау мәселесіне арналған кездесу өткізілді. 

Кездесу барысында білім беру бағдарламалары бойынша бірлескен жұмыс бағыттары, дуальды оқыту мәселелері, студенттердің ҚР ҰЯО жобаларына қатысуы, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР ҰЯО саланың кадр әлеуетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Мәселен, кәсіпорын негізінде студенттердің практикалық дайындығы жүзеге асырылып, өңірлік жоғары оқу орындарының кафедра филиалдары жұмыс істейді. ҚР ҰЯО-ның жетекші қызметкерлерінің басшылығымен және қатысуымен жоғары оқу орындарында PhD диссертацияларын қорғауға арналған диссертациялық кеңестер жұмыс істейді. Қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсуі үшін барлық жағдай жасалған, соның ішінде өндірістен қол үзбей жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқуын жалғастыру мүмкіндігі және т.б. қарастырылған. 

Жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Шәкәрім университетімен ынтымақтастықты дамыту – атом саласы үшін білікті мамандар даярлау жүйесін нығайтуға жасалған маңызды қадам.

подготовка кадров для атомной отрасли