«Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» IV Халықаралық жастар конференциясы


29 қазан 2025

2025 жылғы 22–23 қазан аралығында «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының құрамындағы Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институтында «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» атты IV Халықаралық жастар конференциясы өтті.

Конференция барысында радиациялық факторлардың экожүйелер мен ауыл шаруашылығына әсері, радиациялық қауіпсіздікті бағалау және мониторингілеу әдістері сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының жас мамандары Қазақстанның орман экожүйелеріндегі көміртегі изотоптарының тік таралу ерекшеліктеріне, сондай-ақ химиялық ластанған әртүрлі топырақ түрлерінің көмірқышқыл газының эмиссиясына әсерін бағалауға арналған баяндамалар ұсынды.

Конференцияға қатысу жас ғалымдар үшін кәсіби байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және болашақ зерттеулерге тың идеямен шабыттана кірісуге тамаша мүмкіндік берді.

молодые ученые и специалисты международная конференция