25 қыркүйек 2025
Қымбатты достар!
Құрметті әріптестер!
Кәсіби мерекеміз – атом саласы қызметкерлерінің күнімен жүрекжарды құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл күн – өз өмірін бейбіт атомды дамытудың маңызды ісіне арнаған барлық адамның еңбегін мойындаудың символы.
Бүгінде Қазақстанның атом саласы дамудың маңызды кезеңінде тұр. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру және еліміздегі бірінші атом станциясын, ал болашақта екінші және үшінші атом электр станциясын салу туралы шешім алдымызға жаңа стратегиялық міндеттер қояды. Біз мұндай қиындықтарға дайын болуымыз керек және бұл істің нәтижесі кәсіби дайындығымыз бен ұйымшылдығымызға байланысты болмақ.
Осы ауқымды міндеттерді шешуде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ерекше рөл атқарады. Дәл осы орталықта бірегей білім мен инфрақұрылым шоғырланған, болашақ ұрпақ үшін ғылым мен техниканың негізін қалайтын жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Орталықтың бейбіт атомның дамуына және еліміздің ғылыми-техникалық базасының қалыптасуына елеулі үлес қосатынын мақтан тұтамыз.
Біздің мамандардың еңбегі – атом саласын үдемелі дамытудың және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудың негізі. Жоғары кәсібиліктің, қажырлы еңбек пен тұрақтылықтың арқасында алға қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындайтынымызға сенімдімін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және Отанымыздың игілігі үшін атқарылып жатқан қызметімізде жаңа табыс тілеймін!
Эрлан Батырбеков,
ҚР ҰЯО РМК бас директоры
24 қыркүйек 2025
23 қыркүйек 2025
22 қыркүйек 2025
19 қыркүйек 2025