22 қыркүйек 2025
ҚР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ғ.Е. Серғазин бастаған қазақстандық делегация мен Швейцарияның ядролық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық ұйымы (Nagra) өкілдерінің кездесуі АЭХА-ның 69-шы Бас конференциясы аясында өтті.
Келіссөздер барысында радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) және пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО) жұмыс істеу саласында тәжірибе алмасу перспективалары, сондай-ақ оларды ұзақ мерзімді қауіпсіз сақтаудың заманауи технологиялары талқыланды. Тараптар өзекті ақпаратпен алмасты, өзара әрекеттесуді тереңдетуге мүдделі екендерін растады және ықтимал бірлескен жұмыстардың бағыттарын белгіледі.
Nagra-мен ынтымақтастықты тікелей дамыту ҚР Ұлттық ядролық орталығы арқылы жүзеге асырылады, бұл ғылыми-техникалық әлеуетті нығайтуға және ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық әріптестік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
19 қыркүйек 2025
17 қыркүйек 2025
16 қыркүйек 2025
29 тамыз 2025