29 тамыз 2025


Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын!
Ата заңымыз мемлекетіміздің берік іргетасы, азаматтарымыздың құқығы мен еркіндігінің кепілі, халқымыздың бірлігінің символы және еліміздің қарқынды дамуының негізі болып саналады. Дәл осы Конституциямыздың қағидаттары арқасында еліміз демократиялық құндылығын нығайта отырып, экономиканы, ғылым мен білімді дамыта отырып, халықаралық аренадағы қарымын арттыра отырып, алға қарай нық басып келеді.
Бүгінгі мереке бізді жақсы жаңалықтарға шабыттандырып, Ата заңымыз Қазақстанның бірлігі мен тұрақтылығына, қарыштап алға басуына берік негіз болып қала берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, берекелі өмір және Отанымыздың өркендеуі жолында тың жетістіктерге жете беріңіздер деп тілеймін!
Эрлан Батырбеков, бас директор
12 маусым 2026
11 маусым 2026
05 маусым 2026
04 маусым 2026