Оңтүстік-батыс физика институты делегациясының сапары, Қытай


20 маусым 2025

2025 жылғы 18 маусымда ҚР Ұлттық ядролық орталығына жұмыс сапарымен Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) құрылымына кіретін Оңтүстік-батыс физика институтының (Қытай, SWIP) делегациясы келді.

Сапар барысында қонақтар ҚР ҰЯО ғылыми-зерттеу және эксперименттік базасымен, оның ішінде КТМ кешенімен, зерттеу зертханаларымен және басқа да негізгі объектілермен танысты. Делегация үшін шолу экскурсиялары ұйымдастырылды, сондай-ақ техникалық кездесу өткізілді, онда екі жақ тарап басқарылатын термоядролық синтез (БТС) саласындағы ағымдағы зерттеулер туралы баяндамаларын ұсынды.

Талқылау барысында плазманың материалдармен өзара әрекеттесуін зерттеуді, диагностиканың жаңа әдістерін әзірлеуді, сондай-ақ термоядролық қондырғылардың плазмаға бағытталған компоненттерінің перспективалық материалдарын сынауды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.

SWIP Қытайдың термоядролық энергетика саласындағы негізгі ғылыми орталықтарының бірі болып саналады және ITER бағдарламасын қоса алғанда бірқатар ұлттық және халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Институттың бірегей зерттеу инфрақұрылымы бар және HL-2A, HL-2M және HL-3 қондырғыларын қоса алғанда, токамактарды жобалау мен пайдалануда айтарлықтай тәжірибесі бар.

SWIP делегациясының сапары БТС технологияларын зерттеу және дамыту саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.

международное сотрудничество термоядерный синтез CNNC SWIP